Сенат Ресеймен достық туралы келісімді ратификациялады

Фотография - Сенат Ресеймен достық туралы келісімді ратификациялады

Парламент сенаты Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара көмек пен ынтымақтастық және достық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы  ратификациялады. Достық туралы келісім 1992 жылы қабылданған.

187 0

Хаттамада негізінен заңсыз көші-қон, адам саудасымен күрес және ақпараттық қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты кеңейту қарастырылған.

Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара көмек, ынтымақтастық пен достық туралы келісім екі ел қарым-қатынасындағы басты құжат болып саналады.

Ратификациялау туралы заң жобасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жіберілді.

Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!