Шекара қызметі бастығы бұрынғы орынбасарының соты басталды

Фотография - Шекара қызметі бастығы бұрынғы орынбасарының соты басталды

Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Алима Хасенованың үстінен сот басталды.

167 0

Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Алима Хасенованың үстінен сот басталды.

Әскери соттың баспасөз хатшысы Шолпан Шикетаеваның айтуынша, Хасеноваға "билікті теріс мақсатта, асыра пайдаланды", "пара алды", "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденді" деген айыптар тағылған. Тергеу деректеріне қарағанда, оған шекара заставаларының құрылысын жүргізген кезде 300 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылған.

Сотты қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ербол Ахметжанов жүргізіп жатыр. Сотқа Хасеновадан өзге екі адам тартылған.

Алима Хасенованың үстінен қылмыстық іс 2010 жылы тамызда қозғалған еді. Сол жылы 4 қыркүйекте Ақмола гарнизонының әскери соты оны тұтқындаған.

Хасенова шекара қызметі директорының орынбасары қызметін 2006 жылдың шілдесінен 2009 жылдың сәуіріне дейін атқарған.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!