Қазақстан бейбітсүйгіштікте АҚШ пен Ресейді артта қалдырды

Фотография - Қазақстан бейбітсүйгіштікте АҚШ пен Ресейді артта қалдырды

Экономика және бейбітшілік институтының (Institute for Economics and Peace) сарапшылары құрастырған бейбіт өмірді қалайтындардың бүкілдүниежүзілік индексі бойынша биыл еліміз рейтингте 78-ші орынға табан тіреген.

216 0

Экономика және бейбітшілік институтының (Institute for Economics and Peace) сарапшылары құрастырған бейбіт өмірді қалайтындардың бүкілдүниежүзілік индексі бойынша биыл еліміз рейтингте 78-ші орынға табан тіреген.

Аталмыш индекс әлем елдерінің  ішкі және сыртқы саясаты, қоғам тұрақтылығы, қауіпсіздігі, т.б. ұзын саны 22 көрсеткіш бойынша құрастырылды. Рейтингте 162 ел қамтылған. Бірінші орында Исландия тұр. Ал алдыңғы бестікке Дания, Жаңа Зеландия, Австрия және Швейцария кірген. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Жапония, Финляндия, Канада, Швеция және Бельгия енген.

Бір қызығы, АҚШ секілді әлемнің алпауыт елі 100-ші орынды місе тұтқан. Ал Ресей Федерациясы 155-ші орыннан көрінген. Қытайға келсек, 64-ші орынға жайғасқан. Ең нашар көрсеткішпен Солтүстік Корея 154-ші орын), Конго (156-шы орын), Пәкістан (157-ші орын), Судан (158-ші орын), Сомали (160-ші орын) және Ауғанстан (162-ші орын) секілді елдер көш бастап тұр.

Сонымен қатар, сарапшылар 2012 жылмен салыстырғанда әлем халықтарының бейбітсүйгіштігі бес пайызға төмендеп кеткенін байқаған. Мұндай тұжырым әлемнің түкпір-түкпіріндегі жалпы ішкі өнім бойынша әскери шығыны көп елдерде кісі өлімінің артуына байланысты жасалғанын айта кету керек.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!