Брюссельде «Еуроодақ - Орталық Азия» қауіпсіздік мәселелері бойынша Жоғары деңгейдегі диалогтың алғашқы раунды өтті

Фотография - Брюссельде «Еуроодақ - Орталық Азия» қауіпсіздік мәселелері бойынша Жоғары деңгейдегі диалогтың алғашқы раунды өтті

Брюссельде Еуроодақ пен Орталық Азия мемлекеттері (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) арасындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша Жоғары деңгейдегі диалогтың алғашқы кезеңі өтті.

199 0

Брюссельде Еуроодақ пен Орталық Азия мемлекеттері (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) арасындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша Жоғары деңгейдегі диалогтың алғашқы кезеңі өтті.

Кездесу Орталық Азия мемлекеттері сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметі бас хатшысының орынбасары Хельги Шмидттің төрағалығымен өтті.

Отырысқа қазақстандық тараптан делегацияны бастаған ҚР Сыртқы істер министірінің орынбасары Алексей Волков, ҚР-дың ЕО жанындағы миссиясының басшысы Алмаз Хамзаев, сонымен қатар бірқатар құзырлы министрліктер мен ведомстволардың сарапшылары қатысты.

ЕО кеңесі таратқан хабарламада атап өтілгендей, диалог саяси мәселелерді, сондай-ақ өзара қызығушылық бар қауіпсіздік мәселелерін, оның ішінде лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы және химиялық, биологиялық, радиологиялық, ядролық сипаттағы тәуекелдер мәселелерін шешуге бағыталған. Онымен қоса, орталық азиялық аймақтағы тұрақтылық, соның ішінде ауған мәселесі талқыға салынды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!