Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің келіссөздері басталды

Фотография - Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің келіссөздері басталды

Осы уақытта «Көксарай» резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Басшысы Ислам Кәрімовтің тар ауқымдағы келіссөздері өтуде.

138 0

Осы уақытта «Көксарай» резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Басшысы Ислам Кәрімовтің тар ауқымдағы келіссөздері өтуде.

Елбасымен бірге тар ауқымдағы келіссөздерге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев және ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов қатысуда.

Тар ауқымдағы кездесуден кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді өткізу жоспарлануда. Екі отырыстың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты төрт құжатқа қол қоюды көздеп отыр.

Атап айтқанда, олар - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім, ҚР Қаржы министрлігі мен ӨР мемлекеттік кеден комитетінің арасындағы кеден арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру жөніндегі Хаттама, Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстанның мәдениет және спорт істері министрлігі арасындағы 2013-2015 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!