Қазақстан мен Өзбекстан арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды

Фотография - Қазақстан мен Өзбекстан арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкентке жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды

226 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкентке жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Екі ел басшылары Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов пен ӨР Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Зохид Дусанов ҚР қаржы министрлігі мен ӨР Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы кеден арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру туралы Хаттамаға қол қойды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (ҚР МАМ) Мұхтар Құл-Мұхаммед пен ӨР Мәдениет және спорт істері министрі (ӨР МСІМ) ҚР МАМ мен ӨР МСІМ арасындағы 2013-2015 жылдарға арналған Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ӨР Ішкі істер министрі Баходыр Матлюбов екі ел Ішкі істер ведомстволары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасында екіжақты қарым-қатынастың айтарлықтай ауқымды келісімдік-құқықтық база бар. Оған ынтымақтастықтың барлық дерлік салаларын қамтитын 160 құжат енген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!