Наразылық болады деген орында оқушылар слеті өтті

Фотография - Наразылық болады деген орында оқушылар слеті өтті

Бүгін Алматыда коммуналдық төлемақы бағаларының қымбаттауына наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі, белсенді Ризада Жақыпованы полиция үйінен ұстап әкетті. Жақыпованың ұсталғанын және оның Алатау аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілгенін.

299 0

Алатау аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші қызметкері Жақыпованың ұсталғанын растады. Бірақ не себепті ұсталғанын айтудан бас тартты.

Бұған дейін 15 маусымда Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы шағын алаңда коммуналдық төлемдердің қымбаттауына байланысты рұқсат етілмеген наразылық акциясы болады деп хабарланған еді. Бірақ ол жерде Әуезов аудандық әкімшілігі ұйымдастырған мектеп жанындағы лагерлерге баратын оқушылардың слеті өтті.

Іс-шара өтіп жатқан тұста сол маңдағы Ленин ескерткішінің жанына 15-20 шақты зейнеткер, азаматтық белсенділер жиналып, билікке қарата сыни пікірлерін айтты.

Оны ұйымдастырушылардың бірі Ермек Нарымбаевқа кеше полиция шақырту қағазын тапсырған. Нарымбаевтың әйелі Зоя Нарымбаева Азаттық тілшісіне телефон арқылы күйеуінің қазір Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде екенін айтты.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!