Қазақстанда енді ғибадат үйлерін салу барлық қажетті факторлар ескерілген соң ғана қабылданады

Фотография - Қазақстанда енді ғибадат үйлерін салу барлық қажетті факторлар ескерілген соң ғана қабылданады

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті

223 0

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының пайымынша, Қазақстанда қазіргі құлшылық үйлерінің саны дінге сенушілер үшін жеткілікті. «Қазақстандағы ғибадат үйлерінің саны 3244 болса, соның 2320-сы мешіттер. Сондықтан да, бұдан былай ғибадат үйлерін салу туралы шешім алдыңғы жылдарға қарағанда жанжақты ойластырылып, барлық қажетті факторлар ескеріліп барып қабылданатын болады. Атап айтқанда, мұнда онда халықтың сұранысы, басқа да ғибадат үйлерінің бар-жоқтығы, оларды қамтамасыз ету мүмкіндігі секілді мәселелер ескеріледі»,- деп атап өтті Қайрат Лама Шариф.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!