Германияда Рахат Әлиев пен оның қайын атасының ісі қаралып жатыр

Фотография - Германияда Рахат Әлиев пен оның қайын атасының ісі қаралып жатыр

Қазақстандық олигарх Рахат Әлиевке қатысты тергеуді Мальтаның тергеу органдарымен қатар, немістің Крефельд қаласының прокуратурасы да жүргізіп жатыр

190 0

Қазақстандық олигарх Рахат Әлиевке қатысты тергеуді Мальтаның тергеу органдарымен қатар, немістің Крефельд қаласының прокуратурасы да жүргізіп жатыр. Бұл туралы ақпаратты Deutsche Welle басылымына жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі хабарлаған.

Немістің тергеушілері Рахат Әлиевтің бұрынғы қайын атасы – Мұратхан Шоразовқа қарсы істі де тергеп жатқандығын айтқан болатынбыз. Крефельд прокуратурасы бұл деректерді де растады.

Мекеме басшысының айтуынша, бұл өте күрделі де шиеленісті іс. Бір істі тергеп жатқанда оның арты екінші бір іске ұласады. Қылмыс бірнеше елде жасалғандықтан істің қашан және қандай нәтижемен аяқталатыны әзірге белгісіз. Дей тұрғанмен тергеудің соңы таяп қалғандай, алайда оның артынан жаңа іс шықса, тергеу тағы бірнеше айға созылуы мүмкін, дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Германия мамандары әзірге мальталық тергеушілерге бірлесіп жұмыс жасау туралы ұсыныс жасаған жоқ. Мальта сотының шешімі неміс тергеушілерінің ісіне әсер етіп-етпеуі жайлы Крефельд прокуратурасы мәлімет бермей отыр.

Естеріңізге саламыз, 2013 жылы 6 маусымда мальта соты Әлиевті ірі көлемде ақша ұрлады деп айыптаған болатын. Тергеу кезінде сот Рахат Әлиевтің, оның әйелі Эльнара Шоразованың, үш жасар қызының және екі серіктесінің шоттары мен дүние-мүлкін тәркіледі.

Осы іске қатысты немістің Deutsche Welle басылымы Рахат Әлиевтен сұхбат алуға тырысты. Алайда, Әлиев соңғы уақытта қорғаушыларын жиі ауыстыра бергендіктен, қазіргі уақытта оны кім қорғап жатқандығы белгісіз. Сондықтан олигархпен байланысу мүмкін болмай отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!