Шетелдің күдікті оқу орындарында діни білім алушылар елге қайтарылады

Фотография - Шетелдің күдікті оқу орындарында діни білім алушылар елге қайтарылады

 ҚР Дін істері агенттігі мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бірлесе отырып, шетелдерде діни білім алып жатқан студенттерді елімізге қайтарамыз

252 0

 ҚР Дін істері агенттігі мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бірлесе отырып, шетелдерде діни білім алып жатқан студенттерді елімізге қайтарамыз

«Қазақстандық студенттерді шетелдердің күдік келтірген оқу орындарынан елге қайтару ісі жүргізіледі. Студенттерді «Нұр» қазақ-египет ислам университетіне ауыстыру қарастырылуда» деп мәлімдеді Лама Шариф.

Оның сөзіне қарағанда 2011 жылы Қазақстаннан шетелдерде діни білім алған студенттердің саны 500-ден асқан. Агенттік төрағасы Қазақстанның ислам елдеріндегі елшіліктерімен тиянақты жұмыс нәтижесінде барлық студенттер туралы мәліметтер алынып, деректер әкімдіктерге жіберіліп, әкімдіктер студенттердің ата-аналарымен әңгімелесіп, көптеген студенттерді ата-аналары елге алып қайтқанын хабарлады.

«2011-2012 жылдары елге 130 азамат оралған» дей келе, Мысырда 200-ден астам, Сауд Арабиясында 59, Пәкістанда 60-тан астам студент оқып жатқанын атап өтті.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!