ҚР ТМРА төрағасы Будапештте энергетика саласының келешегіне қатысты пайымдарымен бөлісті

Фотография - ҚР ТМРА төрағасы Будапештте энергетика саласының келешегіне қатысты пайымдарымен бөлісті

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Будапешт (Венгрия) қаласында өткен Энергетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығының кезекті отырысына қатысты.

141 0

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Будапешт (Венгрия) қаласында өткен Энергетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығының кезекті отырысына қатысты.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Отырыста энергетика саласының болашағы талқыланды. Ведомство басшысы жылдам өзгеріп отырған жаһандық энергетикалық проблемаларды негізге ала отырып, энергетика саласының болжамдары мен келешегін және оның тарифтік реттеу үшін салдарын атап өтті.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті және электр энергиясымен қамту жөніндегі қызметті ӨЭК-терге беру арқылы біріктіруге қатысты Агенттік көтерген мәселе тартысты пікірталас тудырды.

Электр энергетикасын реформалаудың халықаралық тәжірибесі осы процестің жеткіліксіздігін көрсетеді, оны отырысқа қатысушылар да мойындады.

Энергетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығының сарапшылары ӨЭК-ны және ЭЖҰ-ны біріктіру процесіне және осы жұмыстың нәтижелеріне қызығушылықтарын білдірді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!