Сенат комитеті мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке арналған заң жобасын талқылады

Фотография - Сенат комитеті мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке арналған заң жобасын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

232 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа түрлерін, келісімшарттық мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа үлгілерін енгізуге, олардың қолданылу салаларын кеңейтуге және жеке секторға әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобалар бойынша тартымды жағдайлар жасауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік кезінде жобаларды іске асыру үшін капитал тартудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін құқықтық негіз жасауға ықпал етеді. Мұның өзі Қазақстан өңірлеріне оң әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді.

Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!