Қазақстандағы мешіттердің денінде имамдардың сауаты төмен

Фотография - Қазақстандағы мешіттердің денінде имамдардың сауаты төмен

Бүгін Мәжілісте ҚР Дін істері агенттігінің қызметіне арналған Үкімет сағатында агенттік басшысы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті

342 0

Қазақстандағы мешіттердің көпшілігінде имамдардың сауаты төмен.

Бүгін Мәжілісте ҚР Дін істері агенттігінің қызметіне арналған Үкімет сағатында агенттік басшысы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

«Біздің күш-жігеріміз тек қана Дін істері агенттігінің аясында емес. Еліміздегі 2,5 мың мешіт имамдарының жат ағымдарға қарсы тұрып, олардың дұрыс сөйлеп, дұрыс уағыз айтуына назар аударудамыз. Яғни, имамардың жұма күні айтатын уағыздары, ой-пікірлері жат ағымдардың жетегіне қарсы бағытта болуы керек», - деп атап өтті Қ. Лама Шариф.

Оның айтуынша, жұртшылық арасында Ханафи мәзһабын дәріптеу, насихаттау бағытында ауқымды шаралар әлі де жалғасын табатын болады. Мәселен, қыркүйек айының соңында Талдықорған қаласында халықаралық конференция жоспарланып отыр. Оған исламның білікті ғалым өкілдері қатысып, халыққа әл Матруди ақидасының қыр-сыры жайы әңгімелейтін болады. Шара Діни басқармамен бірлесе өткізіледі.

«Қазіргі уақытта Қазақстан діни басқармасы мен агенттік арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум әзірлеп жатырмыз. Бұл аса маңызды құжат. Онда Діни басқарма қоғамда неге жауап беретіні, Дін істері агенттігінің қызметі қамтылатын болады. Меморандумның және бір мәселесі - кадр», - деп атап өтті Қ. Лама Шариф.

«Шындығында Қазақстанда 2320 мешіт болса, солардың көпшілігінде имамдардың діни сауаттылығы өте төмен. Басым бөлігі 90-жылдары 3 айлық курстарды бітіріп-ақ имам болып жүр. Бұл үш айдың ішінде имам болатындай қандай дінді насихаттауға болады. Исламды өмір бойы оқу керек. Сондықтан да, өңірлердегі имамдардың біліктілігінің төмендігі жастарымыздың интернет, басқа да көздер арқылы сұрақтарға жауап іздеп кетуіне әкеп соғып жатыр», - деді төраға.

Сонымен қатар, агенттік басшысы мешіттерде уағыздардың маңыздылығын айта келе, жамағат қажеттілігіне орай кейбір аймақтардағы имамдарды басқа өңірлердегі білікті имамдармен алмастырып отыру жайын қозғады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!