Сенат спикері Ресейге сапарлайды

Фотография - Сенат спикері Ресейге сапарлайды

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерациялық Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың шақырумен Ресейге сапарлайды

341 0

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерациялық Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың шақырумен Ресейге сапарлайды.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Сапар аясында Федералдық Кеңестің төрайымымен және РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен екіжақты кездесу жоспарланған. Сонымен қатар қазақстандық делегация «Ұлы Отан соғысы: тарих сабақтары» тақырыбындағы халықаралық конференция жұмысына қатысады», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съез хатшылығының басшысы ретінде Сенат Төрағасы Қ.Мәми Ресей Муфтилер кеңесінің төрағасымен, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Мәскеуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасылары съезінің 10 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!