2015 жылдан бастап Қазақстанда үлгі су-құтқару стансаларының құрылысы басталады.

Фотография - 2015 жылдан бастап Қазақстанда үлгі су-құтқару стансаларының құрылысы басталады.

Қазақстанда 2015 жылы үлгі су-құтқару стансаларының құрылысы басталады. Бұл туралы рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов мәлім еткен.

134 0

«2015 жылдан бастап үлгі жобалары бойынша су-құтқару стансаларының құрылысы жоспарланған. Олар Шучье-Бурабай курорт аймағында, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында, Маңғыстау облысында орналасады»,- деді А.Советов.

Сонымен қатар, ол ТЖ министрлігі Құрылыс және тұрмыстық шаруашылық комитетімен бірге су-құтқару қызметтерінің 1-ші, 2-ші және 3-ші разрядтарының су-құтқару стансаларының үлгі жобалары әзірленгенін атап өтті.

Оған қоса, үлгі жобаларында жедел кезекшілік атқаруға, станса маңындағы су акваториясын бақылауға, жүзу құралдарын сақтауға арналған қажетті ғимараттар, арнайы авто және құтқару техникасы қарастырылғанын айтты.

«Заманауи талаптарға сәйкес су-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамына арналған барлық жағдайлар жасалады», - деді департамент басшысының орынбасары.

Айта кету керек, республиканың қажеттіліктері үшін 41 су-құтқару стансасын салу қажет.

Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!