Сабантойды тойлауға Татарстанның Президенті келді

Фотография - Сабантойды тойлауға Татарстанның Президенті келді

Семей жерінде сабантой өтті. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін мерекеге Татарстанның бірінші Президенті Минтемир Шаймиев арнайы келіп қатысты.

335 0

Семей жерінде сабантой өтті. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін мерекеге Татарстанның бірінші Президенті Минтемир Шаймиев арнайы келіп қатысты. 

Сабантой – татар елінің ең негізгі ұлттық мерекесі. Бұл – ырыс пен берекенің мейрамы. Мол астық пен тоқшылықты тілейтін аса көңілді басқосу. 13 мыңға жуық татар ұлтының өкілі тұратын Семейде сабантой жыл сайын тойланады. Тіпті, бұл татарлардың ғана емес, бүкілхалықтық мерекеге айналып кеткен. Биыл сабантойға Татарстаннан Минтемир Шаймиевпен бірге бір топ лауазымды қонақ келді. Ол сабантойдың жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы екі ел арасындағы достық пен бейбітшіліктің арқасы екендігін айтуда. Минтемир Шаймиев мерекені тамашалап қана қоймай, бір түп ағаш отырғызды. Сонымен қатар Татарстанның ұлттық көрмесі де халық назарына ұсынылды.

Минтимер ШАЙМИЕВ, Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі:

- Бүгін жаңбыр жауды деп ренжуге болмайды. Керісінше, қуану керек. Маусым айында жауған жаңбыр – мол астықтың кепілі. Ал бүгінгі мейрамның қазақ елінде тойлануы – екі ел арасындағы нағыз достықтың белгісі. Достығымыз нығая берсін.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!