Қазақстан үкіметі мәдениет ұйымдарының үлгі штаттарын бекітті

Фотография - Қазақстан үкіметі мәдениет ұйымдарының үлгі штаттарын бекітті

ҚР Үкіметінің 17 маусымдағы №597 Қаулысымен облыстардағы, республикалық мәнге ие қалалардағы, астанадағы, аудандардағы, облыстық мәнге ие қалалардағы, ауылдардағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгі штаттары бекітілді.

228 0

Атап айтқанда, құжатпен кітапханалардың, музыкалық-драма, музыкалық комедия және оперетта театрларының, қуыршақтар театрының, драма, балалар және жасөспірімдер, сатира және юмор театрларының, мәдениет және демалыс саябақтарының, мұражайлардың, табиғи қорықтардың (мұражай қорықтардың), мәдени-демалыс ұйымдарының, көркем өнер ұжымдарының, «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие ұжымдардың, концерт ұйымдарының (филармониялар), кинотеатрлардың, цирктердің, тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталықтарының және көркем галереялардың үлгі штаттары бекітіледі.

Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!