Қазақстан Азия даму банкімен білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді

Фотография - Қазақстан Азия даму банкімен білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев және Азия даму банкінің вице-президенті Жао Шаою білім және тәжірибемен алмасу бағдарламасы жөніндегі өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойды.

210 0

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев және Азия даму банкінің вице-президенті Жао Шаою білім және тәжірибемен алмасу бағдарламасы жөніндегі өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, білім және тәжірибемен алмасу бағдарламасы үздік білім беру, озық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ экономика тиімділігін арттыру мен инновациялық шешімдерді іздестіру мақсатында әлеуетті нығайтуды басты назарға ала отырып, Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі (АДБ-Азия даму банкі) арасындағы білім саласы бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде экономиканың жан-жақты өсуі мен әртараптандырылуы, институционалды және саяси дамуы, аймақтық ынтымақтастық пен ықпалдасу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру жоспарлануда. Осыған орай, бағдарлама аясындағы 2013-2015 жылдар аралығында зерттеулерді қаржыландыру Үкімет пен АДБ тепе-тең негізде жүзеге асырылады. Кездесу барысында министр Ерболат Досаев экономиканы жаңғырту мен мемлекеттің маңызды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсететін Азия даму банкімен ынтымақтастық орнатуға Қазақстанның ерекше көңіл бөлетіндігін атап өтті.

Өз кезегінде, Жао Шаою кіріс деңгейі ортадан жоғары елдерде АДБ қаржылық қолдаудан тыс ынтымақтастықты қарастырып жатқанын мәлімдеді. «Бұдан бөлек, серіктестіктің басқа үлгілерінің маңыздылығы да айқындалуда. Атап айтсақ, капитал жұмсалымын алдыңғы қатарлы шешімдермен толықтыру қарастырылып жатыр», -деді ол.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!