Сәрсенбіде Қазақстанның батысы мен орталығында қатты ыстық күтілуде

Фотография - Сәрсенбіде Қазақстанның батысы мен орталығында қатты ыстық күтілуде

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облысының кей жерлерінде +30, батыста +36 дейін қатты ыстық болады деп күтілуде

365 0

Қазақстанның басым бөлігінде 19 маусым күні антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, тек республиканың батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық ағындар ықпалымен кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, шаң көтеріліп, ұйтқыған жел тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметінің сайты.

 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облысының кей жерлерінде +30, батыста +36 дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.

 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Атырау облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!