Қазақстан-Ресей шекарасында жаңадан жеті өткізу бекеті ашылады

Фотография - Қазақстан-Ресей шекарасында жаңадан жеті өткізу бекеті ашылады

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы алты өткізу орны жабылады

160 0

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және РФ шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

Аталған түзетулер Қазақстан-Ресей арасында 2006 жылғы 3 қазанда жасалған үкіметаралық келісімге енгізіледі. Соның нәтижесінде шекарада жаңадан 7 өткізу орны ашылады. Олар Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында орналастырылады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы алты өткізу орны жабылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!