Мәжіліс адам саудасы туралы заң жобасын мақұлдады

Фотография - Мәжіліс адам саудасы туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент мәжілісі бүгін "Қазақстан Республикасының адам саудасымен күрес туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады

341 0


Парламент мәжілісі бүгін "Қазақстан Республикасының адам саудасымен күрес туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.

Заң жобасында адам саудасына қатысты қылмыстарға, жұмыс берушілер кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін пайдаланған кезде еңбек заңнамаларын бұзғаны үшін кесілетін жазаны күшейту қарастырылған.

Бұған қоса құжатта жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерге, жезөкшелікпен айналысуға үй немесе кеңсені жалға бергендерге тағайындалатын жазаны күшейту де көзделіп отыр.

Соғыс және бейбітшілік институты (Institute for War and Peace Reporting) өткен жылы жариялаған есебінде Қазақстанда адам сатып, құл ұстайтындар көбейгенін мәлімдеген еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!