Депутаттар қазақ ханы Кенесарының басын Ресейден қайтаруды талап етуде

Фотография - Депутаттар қазақ ханы Кенесарының басын Ресейден қайтаруды талап етуде

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар қазақтың соңғы ханының басын еліне қайтару үшін арнайы топ жасақтап Ресейге аттандыруды ұсынды.

156 0

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар қазақтың соңғы ханының басын еліне қайтару үшін арнайы топ жасақтап Ресейге аттандыруды ұсынды.

«Қазақстан азаматтары, еліміздің мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері Ресей басшыларына «басты» қайтару жөнінде талай рет ұсыныспен шықты. Нәтиже жоқ. Ханның басын қайтару мәселесі әлі шешілмей келеді. Ол сұрақ жауапсыз қалмауы тиіс. Оны туған жеріне қайтара алмаумыз - біздің қасіретіміз. Біз оны қайтаруымыз керек», дейді депутаттар.

Депутаттар үкімет қаражатын қарастырып тарихшы-жазушылардан бір кішкене топ құруды, топқа Кенесары ханның басын қайтару идеясына терең берілген бір азаматты жетекшілікке бекітіп, Ресей үкіметіне келіссөз жүргізуге құқығы беруді сұраған.

«Егер біз сұрау салып, хат жазып бұрынғыдай жүретін болсақ, ресейдің ресми органдарының жоқ деген жауабына қайта жолығамыз», дейді мәжілісмендер.

«Ең соңғы ханымыз Тәуелсіздік жолында жан қиған Кенесары ханның басын қайтара алмасақ елдігімізге сын»,- деп отыр депутаттар.

Кенесары хан қазақ даласының нағыз патриот-батырларын – үш жүздің өкілдерін Қазақ мемлекетіне тәуелсіздік алып беру үшін маңайына топтастыра білген. 1941 жылдан бастап үш жүздің ханы, алайда ресей императоры Николай I мойындамаған. Ресей империясының құрамына қосылмау үшін 1837-1847 жылы жылдары ұлт-азаттық қозғалысты бастаған.

Кенесары ханның басын Батыс-Сібір генерал-губернаторы, граф Горчаков Бірінші Николай патшаға жеткізген.

Содан бері бір ғасырдан астам  қазақ ханының басы Петербор қаласындағы көрмеге әскери құндылық ретінде қойылған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!