Бүгін еліміздің көп бөлігінде ауа райы ыстық болады

Фотография - Бүгін еліміздің көп бөлігінде ауа райы ыстық болады

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидромет» РМК-іне сілтеме жасай отырып.

146 0

Бүгін Қазақстанның көптеген аумағында антициклонның ықпалы сақталып, ауа-райы жауын-шашынсыз ыстық болады, тек еліміздің батысы мен солтүстік шығысында атмосфералық ағындардың әсерімен кей жерлерде күн күркіреп жаңбыр жауады, шаң аралас өткір жер сақталады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидромет» РМК-іне сілтеме жасай отырып.

«Шығыс Қазақстанда, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с жетеді деп күтілуде. Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарындың кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейіп шаң аралас дауыл соғады. Батыс  Қазақстан, Ақтөбе, Атыраудың кей жерлерінде, Қостанай, Қарағанды, Жамбылс облыстарында күн қатты ыстық болады деп күтілуде. Еліміздің батыс, солтүстік батыс, солтүстік шығыс, оңтүстік және орталығының кей жерлерінде өте жоғары өрт туу қауіптілігі сақталады», - деп көрсетілген  хабарламада.

Еліміздің оңтүстік, оңтүстік шығыс және шығысындағы тау өзендерінің көпшілігінде су деңгейінің өзгеруі байқалады. Қазақстанның басқа су қоймаларының гидрологиялық режімінде аса қатты өзгеріс байқалмайды.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!