"Қорғас ісі" бойынша сот тыңдауы басталды

Фотография - "Қорғас ісі" бойынша сот тыңдауы басталды

Бүгін Алматыдағы Ла-155/18 тергеу изоляторында "Қорғас ісі" бойынша алғашқы сот тыңдауы басталды.

187 0

Бүгін Алматыдағы Ла-155/18 тергеу изоляторында "Қорғас ісі" бойынша алғашқы сот тыңдауы басталды.

«Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандалық жолмен тауар өткізу желісін ұйымдастырып, кәсіпкерлерден ақша жинаған» деп айыпталған адамдардың ісі бойынша басталған сот ашық түрде өтіп жатыр. Сотқа Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Советхан Сәкенов төрағалық етіп отыр.

Айыпты ретінде сотқа тартылған 45 адамның арасында арнайы қызмет органдары мен кеден саласының қызметкерлері бар.

Қаржы полициясы бұған дейін айып тағылған 45 адамның 42-сі - қамауда отырғанын, үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғанын хабарлаған еді. Бұлардан бөлек 19 адамға іздеу жарияланған. Қылмыстық істің бір бөлігі 19 адамға арналған.

29 мамырда өткен соттың алдын ала тыңдауында сотталушылардың бірі Талғат Жақаевтың адвокаты Татьяна Ковылкина "сотталушылар адам төзгісіз жағдайда болған, олар отырған кабина тар, қапырық, ауа алмаспайды" деп шағымданған еді.

«Қорғас» – Қазақстан-Қытай шекарасындағы негізгі кеден бекеттерінің бірі. Автомобиль жолы арқылы Қазақстан мен кейбір көрші елдерге Қытайдан жеткізілетін жүктің үлкен бөлігі осы бекет арқылы өтеді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!