Ішкі істері органдары туралы жаңа заң жобасы талқыланды

Фотография - Ішкі істері органдары туралы жаңа заң жобасы талқыланды

 Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің жанында Қоғамдық кеңестің қатысуымен ҚР Парламентінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті және «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

241 0

 Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің жанында Қоғамдық кеңестің қатысуымен ҚР Парламентінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті және «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Отырыста «Ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары талқыланды.

Аталған заң жобалары ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу және олардың жұмысын ынталандыру бойынша жеке ережелерге бағытталады.

Заң жобасын талқылау кезінде ҚР ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов: «Бұл заң жобасы мемлекеттік марапатқа ие болған қызметкерлерге көбейтілген демалыс жәрдемақысын төлеуге, қызметін міндетін өтеу кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған қызметкерлердің балаларына мемлекеттік жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелерден кезектен тыс орын ұсынуға мүмкіндік береді» , - деп атап өтті.

Сонымен қатар, министр заң жобасында қызметкерлердің тұрақты орналасу пункітінен тыс өз міндеттерін орындауға тарту туралы ережемен толығатынын және мұндай жағдайларда жеңілдетілген қызметтік мерзім есептеліп, жоғарылатылған еңбекақы төлеу қарастырылғанын мәлімдеді.

Заң жобаларының ережелері бойынша көшпелі отырыста түскен ұсыныстар алдағы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының отырысында қаралады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!