«Қорғас ісі» бойынша айыпталғандарды 49 адвокат жақтайтын болады

Фотография - «Қорғас ісі» бойынша айыпталғандарды 49 адвокат жақтайтын болады

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының ғимаратында «Қорғас ісіне» қатысты сот отырысы басталды, онда айыпталушыларды 49 адвокат жақтайтын болады.

195 0

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының ғимаратында «Қорғас ісіне» қатысты сот отырысы басталды, онда айыпталушыларды 49 адвокат жақтайтын болады.

ҚР Әскери сотының судьясы Советхан Сәкеновтың төрағалық етуімен айыпталушылар өздерінің анкеталық мәліметтері, туған күндері, туған жерлері, тұрғылықты орындары, отбасылық жағдайлары, сотталған күндері мен өздерін қанша адвокат қорғайтындары жөнінде айтып берді.

«Қорғас ісі» бойынша айыпталушылардың саны 45 адам, олардың 42-сі қазір сот залында төрт камерада отыр, қалған үшеуі ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылған.

Олардың арасында – Ақмола облысы бойынша ҚР ҰҚКД бастығының орынбасары Бақытбек Құрманғалиев, Алматы облысы бойынша КБД «Алатау» КРО маманы Ерік Балабеков, Алматы облысы бойынша КБД «Қорғас» КБ бас маманы Виталий Майер, Алматы облысы бойынша КБД «Қорғас» КБ бас маманы Нұрмолда Бөлегенов, Алматы облысы бойынша КБД «Қорғас» КБ бас маманы Асқар Абаев, сонымен қатар ҚР ҰҚК 5-департаментінің бастығы Талғат Жақаев, Алматы облысы КБД «Қалжат» КБ мамандары, бас мамандары мен бастығының орынбасарлары және «Брокер Транс Терминал» ЖШС кедендік брокерлері, ҚР ҰҚК 4-департаментінің басқарма бастығы Ирлан Абдрахманов – бар.

Айыпталғандардың екеуіне ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодескіне сәйкес жеке жақтаушы жалдау мүмкіндіктерінің жоқтығына байланысты мемлекет өз жақтаушыларын ұсынды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!