"Қорғас ісі" бойынша сотта үзіліс жарияланды

Фотография - "Қорғас ісі" бойынша сотта үзіліс жарияланды

Алматыда "Қорғас ісі" бойынша өтіп жатқан сотта үзіліс жарияланды.

251 0

Алматыда "Қорғас ісі" бойынша өтіп жатқан сотта үзіліс жарияланды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас кеден бекетіндегі жемқорлыққа байланысты қозғалған іс бойынша сот отырысы Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторында өтіп жатыр. Соттың түске дейінгі бөлігінде айыптыларға қылмыстық кодекстің "экономикалық контрабанда", "ұйымдасқан қылмыстық топ құру", "заңсыз жолмен алынған қаржыны заңдастыру", "билікті теріс мақсатта пайдалану", "қызмет өкілетін теріс пайдалану" баптары бойынша ресми айыптар тағылды.

Түске таман Руслан Сыдықов есімді айыпталушының жағдайы нашарлап, сот төрағасы үзіліс жариялады.

Сот үзілісі кезінде айыпталушылардың кейбірі өздеріне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Ал адвокаттар қорғауындағы айыпталушылармен есіктің тор терезесі арқылы сөйлесетінін айтып, ол шектеуді алып тастауды сұрады.

Сотқа барлығы 45 адам тартылған. Олардың 42-сі - қамауда отыр, үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Бұлардан бөлек 19 адамға іздеу жарияланған. Қылмыстық істің бір бөлігі сол 19 адамға арналған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!