Бүгін Ұланбатыр-Өлгей-Өскемен бағытындағы әуе жолы ашылды

Фотография - Бүгін Ұланбатыр-Өлгей-Өскемен бағытындағы әуе жолы ашылды

  Ағайын арасы тағы бір қадам жақындады. Моңғолиядағы ағайындар енді атажұртына автобуспен Ресейді басып емес, әуе жолы арқылы әп-сәтте жететін болды.

432 0

  Ағайын арасы тағы бір қадам жақындады. Моңғолиядағы ағайындар енді атажұртына автобуспен Ресейді басып емес, әуе жолы арқылы әп-сәтте жететін болды.

«Бүгін тәңертең Моңғолиядағы «Аэро Монголия» әуе компаниясының Ұланбатыр-Өлгей-Өскемен бағытындағы әуе жолының ресми ашылу салтанаты болып, JU 8250 ұшағы Өскемен қаласына аттанып кетті. Бұрынғы жылдары Алматы-Өскемен-Өлгей бағытында Қазақстанның Скат компаниясы әуе жолын ашқан болатын. Алайда, ұшақ қауіпсіздік талаптарына сай емес деген себептерге байланысты тасымал тоқтатылған еді. Міне 1 жарым жыл өткен соң Моңғол елі үкіметінің қолауымен әуе қатынасы қайта қалпына келтірілді»,-деп хабарлады Баян-Өлгей аймағы Әкімдігінің Баспасөз-ақпарат қызметкері Нұрболат Өнерханұлы.

Бұдан бұрын қандастарымыз Қазақстан мен Моңғолия әуе қатынасының қалпына келуін талап еткендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. Бұл реткі әуе тасымалының қайта ашылуына

Моңғолияның Президенті Ц.Элбэгдорж, Парламент мүшесі Бәкей Ағыпарұлы, Жол тасымал министрлігінің вице-министрі Ержан Қабышайұлы және Баян-Өлгий аймағының басшылары және Моңғолиядағы Қазақстан елшілігі үлкен қолдау көрсетті.

Алдағы уақытта JU 8250 әр бейсенбі сайын Қазақстанға жол тартатын болады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!