Біздің мықты аграрлық мемлекетке айналатын мүмкіндігіміз бар

Фотография - Біздің мықты аграрлық мемлекетке айналатын мүмкіндігіміз бар

Бұл туралы бүгін ҚР аумағын ұйымдастырудың Бас сызбасын талқылау барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары Аманжол Шықанаев мәлім етті.

158 0

Біздің мықты аграрлық мемлекетке айналатын мүмкіндігіміз бар. Бұл туралы бүгін ҚР аумағын ұйымдастырудың Бас сызбасын талқылау барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары Аманжол Шықанаев мәлім етті.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының Қазақстанның ірі қалаларына қоныс аудару көрсеткішінің өсімін ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымы мен қоршаған ортасын жақсарту арқылы төмендетуге болады, бұл өз кезегінде еліміздің аграрлық саласын жақсатруға жағдай жасайды. Осы тұрғыда А.Шықанаев ОҚО-дағы Асар ауылын мысалға келтірді.

«ОҚО-да Шымкент қаласының сыртында керемет кент бар, ол жерде нарық жағдайындағы барлық мүмкіндіктер үйлесім тапқан. Ұсақ фермалар, әр отбасында бір-бір жылыжай, оның әрқайсысы алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған – жылыжайлар тамшылап суару сусепкіштерімен жасақталған. Үш жылда олар өз шығындарын қайтарып алады. Осы кентте ірі-тауарлық кәсіпорындар бой көтерген. Өңдеу цехінің құрылысы жүріп жатыр. Яғни, нарық жағдайындағы ауылдар осылай жұмыс істеуі керек», - деді А.Шықанаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда жергілікті атқару органдары ҚР аумағын ұйымдастырудың Бас сызбасының негізгі ережелері жобасын талқылаған болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!