Парламент азаптау туралы заң жобасын мақұлдады

Фотография - Парламент азаптау туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент сенаты азаптаудың алдын алу туралы заң жобасын мақұлдады. Парламентте баяндама жасаған ішкі істер министрі Берік Имашевтің айтуынша, заң жобасында адам құқықтары жөніндегі өкілетті орган мен азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыру арқылы азаптауға жол бермеу тетіктерін енгізу көзделген. 

210 0

Парламент сенаты азаптаудың алдын алу туралы заң жобасын мақұлдады.

Парламентте баяндама жасаған ішкі істер министрі Берік Имашевтің айтуынша, заң жобасында адам құқықтары жөніндегі өкілетті орган мен азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыру арқылы азаптауға жол бермеу тетіктерін енгізу көзделген. 

Қолданыстағы заң бойынша бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстайтын мекемелерге тек қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері ғана кіре алады. Ал жаңа заң жобасы мақұлданса мұндай орындарға адам құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлер де кіре алады.

Имашевтің сөсіне қарағанда, заң жобасы арқылы төрт кодекс пен төрт заңға өзгерістер енгізілмек.

БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанды тұтқындарды азаптайды деген кейбір елдердің азаматтарын экстрадициялады деп сынаған еді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!