Қазақстанның қазіргі жағдайында ет экспортына қатысты Елбасының тапсырмасын орындау қиынға соғып тұр

Фотография - Қазақстанның қазіргі жағдайында ет экспортына қатысты Елбасының тапсырмасын орындау қиынға соғып тұр

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда сөз сөйлеген Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осылай мәлімдеді

247 0

Қазіргі жағдайда Мемлекет басшысының ет экспортына қатысты тапсырмасын орындау қиынға соғып тұр.

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда сөз сөйлеген Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осылай мәлімдеді.

Жиынды ашу барысында спикер талқыға түскен мәселенің экономикалық мәні ғана емес, әлеуметтік қырлары да аса маңызды екенін айтып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мен экспорттау елдің жалпы ішкі өніміне тікелей байланысты екенін мәлім етті. «Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнына шаққанда мал шаруашылығының үлесі 52 пайыздан асады. Дегенмен, еліміздің ет импортына қатысты статистикалық мәліметтер көңілді көншітер емес. Әсіресе, құс еті 60 пайыздан асады. Ірі қара мал етінің импорты да артып келеді: төрт жыл бұрын бұл көрсеткіш он бір мың тоннадан сәл ғана асса 2012 жылы бұл 20 мың тоннаға жеткен. Соңғы бес жылда жылқы етінің импорты да артып келеді. Мәселен, 2007 жылы жылқы етінің импорты мүлдем болмаған болса, 2012 жылы бұл 5,8 мың тоннаны құрады», - дейді спикер Н. Нығматулин.

«Импорттың мұндай үлесі тұрғанда, Мемлекет басшысының еттің экспорттық әлеуетін 2016 жылға қарай жылына 60 мың тоннаға жеткізу туралы тапсырмасын орындау үлкен мәселе болып қала береді», - деді спикер.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!