«Сыбаға» бағдарламасы аясында жыл басынан бері шаруалар 24 мыңға тарта ірі қара сатып алды

Фотография - «Сыбаға» бағдарламасы аясында жыл басынан бері шаруалар 24 мыңға тарта ірі қара сатып алды

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті

153 0

«Сыбаға» бағдарламасы аясында жыл басынан бері шаруалар 24 мыңға тарта ірі қара сатып алды.

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2011 жылы мен 2012 жылдары фермер шаруашылықтары үшін жоспардағы 82,0 мың бас ірі қараның орнына 115,0 мың бас сатып алынған. Сөйтіп, жоспар 40 пайызға артық орындалды. «Қазіргі таңда жоспарлы көрсеткіштер мен осы бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты салыстырғанда да сұраныстың артып отырғанын байқауға болады. Сондықтан да, бизнес қауымдастығы бүгінгі таңда Елбасының тапсырмасына орай қабылданған «Сыбаға» бағдарламасының қажеттілігін айқын сезініп отыр», дейді А. Мамытбеков.

Оның айтуынша, 2013 жылы фермер шаруашылықтарымен 42 мың бастан кем болмайтын ірі қара мал сатып алу жоспарланған. Ал маусымдағы жағдайдың өзінде шаруа қожалықтары 23 мың 924 бас аналық ірі қара мал мен 1409 асыл тұқымды бұқа сатып алған. Яғни, жоспар тиісінше 57 және 101 пайызға орындалып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен қоғам үшін ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында www.sybaga.kz Интернет ресурсы іске қосылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!