Дін істері агенттігі Ақтауда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы БАҚ рөліне арналған «дөңгелек үстел» өткізді

Фотография - Дін істері агенттігі Ақтауда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы БАҚ рөліне арналған «дөңгелек үстел» өткізді

21 маусым күні Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

623 0

21 маусым күні Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Бұл туралы Дін істері агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Іс-шараға ҚР ДІА жанындағы Қазақстандағы діни жағдай мәселелері жөніндегі консультативтік-сарапшылық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дін саласындағы ғалымдар мен сарапшылар, ақпараттық-насихат топтарының, сонымен қатар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында БАҚ-та діни тақырыптардың жариялануы, Дін істері агенттігінің діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда журналистік ортамен ақпараттық тұрғыдағы сындарлы өзара әрекеттестігі бойынша өзекті мәселелер қаралып, талқыланды.

Дөңгелек үстелде ҚР ДІА төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин құттықтау сөз сөйлеп, өзекті рухани тақырыптар бойынша халыққа ақпарат берудегі жедел әрі жемісті жұмыстары үшін журналистерге алғыс білдірді және дін секілді нәзік сала жөнінде БАҚ-та дұрыс ақпарат бере білудің маңыздылығына тоқталды.

«Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым бұқаралық ақпарат құралдарында діни ахуалды қазақ және орыс тілдерінде сипаттап жазудың ерекшеліктері туралы айтып берсе, Мароккодан арнайы шақыртылған ИСЕСКО Бас директоры штаб-пәтерінің сарапшысы Абдел Кадер әл-Идриси «Жаһандану заманында Исламдағы «жиһад» түсінігіне қатысты пікірлер» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, ҚР ДІА Конфессияаралық қатынастар департаментінің директоры Бақытжан Қөлекеев, «7 арна» телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар департаменті директорының орынбасары Оңалтай Қуандық, «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің баспасөз-хатшысы Мұқан Исахан, ДІА ақпараттық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сақтаған Сәдуақасов, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының Діни жағдайды талдау және мониторингілеу бөлімінің басшысы м.а. Роза Абдрахиева және т.б. баяндама оқыды.

Іс-шара соңында қатысушылар дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша қоғамдық пікір қалыптастырудағы БАҚ-тың үлкен әрі маңызды рөлін атай отырып, діни экстремизм мен терроризмның алдын-алудағы журналистердің құзыретті органдармен өзара әрекеттестігі тетіктерін жасау бойынша өз ұсыныстарын білдірді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!