Сириядан екі баласымен бірге Қазақстанныңтағы бір азаматшасы жеткізілді

Фотография - Сириядан екі баласымен бірге Қазақстанныңтағы бір азаматшасы жеткізілді

Жұма, 21 маусым күні Қазақстан Республикасының Иорданиядағы және Ливандағы Елшілігін қоса атқарушы дипломатиялық өкілдіктің күшімен

134 0

Жұма, 21 маусым күні Қазақстан Республикасының Иорданиядағы және Ливандағы Елшілігін қоса атқарушы дипломатиялық өкілдіктің күшімен

Сирия Араб Республикасынан 2000 және 2007 жылдарғы кәмелетке толмаған екі баласы бар ҚР-дың кезекті азаматшасы елімізге жеткізілді. Алматы қаласының тумасы 1975 жылғы Олеся Абу Хасун Сирияның Суейда қаласында тұрып келген. Оның айтуынша, ол Сирияда ахуал тұрақтанатындығына үміттенген. Бірақ, елде жалғасып отырған қарулы қақтығыстар мен өмірге деген қауіп оны елді тастап, Қазақстанға оралуға мәжбүр еткен.

Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаевтың сөзіне қарағанда, Сирияда қазақстандық дипломаттарға белгілі ҚР-дың 40-қа жуық азаматы қалып отыр. Консулдық есепке тұрмаған және осы араб республикасының территориясында тұрып жатқан беймәлім тұлғалардың есебінен азаматтарымыздың саны одан да көп болуы мүмкін.

ҚР азаматтарын қақтығыс жерлерінен елге аман-есен қайтару мәселесі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқаруымен қазақстандық дипломатиялық өкілдіктердің тұрақты бақылауында. Осы ретте, азаматтарымызды отанға қайтару үшін әуе билеттері еліміздің арнайы үкіметтік бюджеттік бағдарламасы аясында сатып алынып отырғанын атап өту қажет.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!