Жеке тұлғаның меншігін жалдап келген Қызылорда әкімдігі дербес ғимаратқа ие болды

Фотография - Жеке тұлғаның меншігін жалдап келген Қызылорда әкімдігі дербес ғимаратқа ие болды

Қызылорда қаласының әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті.

274 0

Қызылорда қаласының әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті.

Үстіміздегі жылғы ақпан айында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс тұрғындары өкілдерімен кездесуі кезінде Қызылорда қаласының әкімдігі ғимаратты бюджеттің қыруар ақшасына жалдап отырғанын сынға алған болатын. Жиын барысында мұндай сын жеке біреудің үйін паналап отырған қалалық мәслихат аппаратына қатысты да айтылды. Осыған орай, «мұның артында әлдекімдер қолдарын жылытып, қалталарын толтырып отырған болуы да мүмкін», деген ой білдірілді. Аймақ басшысы бұл ысырапшылықты тез арада түзетіп, мәселені оңынан шешуді тапсырды.

Арада үш айдан астам уақыт өткенде, қалалық әкімдік пен мәслихат жаңа ғимаратқа қол жеткізді. Олар бұған дейін қазақ-түрік лицейі паналап келген зәулім ғимаратқа көшті. Қоныс тойы алдында бұл ғимарат демеушілердің көмегімен күрделі жөндеуден өткізілді. Мұнда қос аппараттан бөлек, бұрын орнықты жайлары болмай келген қалалық бөлімдер де орналасты.

Бұрнағы күні облыс әкімі аталмыш ғимаратқа арнайы келіп, ондағы жұмыс жағдайымен танысты. Осы жерде архитектура және қала құрылысы облыстық кеңесінің отырысы өткізілді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!