Қ. Көшербаев Сырдария өзеніндегі көпірдің сапалы салынуын талап етті

Фотография - Қ. Көшербаев Сырдария өзеніндегі көпірдің сапалы салынуын талап етті

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кеше жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болып, бірқатар құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты

207 0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кеше жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болып,

бірқатар құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аймақ басшысы алдымен «Самара-Шымкент-Тереңөзек» көлік жолының бойында салынып жатқан көпір құрылысына аялдады. Сырдария өзенінің үстінен өтетін қос жолақты бұл көпірдің ұзындығы 220 метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлінген. Мердігер компания құрылыс жұмысын жоспарланған мерзімінен 3-4 ай бұрын аяқтауды мақсат етіпті. Көпір құрылысы басында қазірде екі ауысымда 170 адам жұмыс істейді. Облыс басшысы құрылысшылардан бірінші кезекте көпірдің сапалы салынуын талап етті.

Облыс әкімінің аудандағы жұмыс сапары одан кейін «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс жұмыстарымен танысумен жалғасты. Бұл серіктестік облыстағы ірі шаруашылықтардың қатарына кіреді. Шаруашылық биылғы жылы 2700 гектар жерге күріш, 1500 гектар жерге жоңышқа, 482 гектар жерге бидай еккен. Қазір егінге минералды тыңайтқыш беріліп, алқапта зиякестерден өңдеу жұмысы жүргізіле бастаған.Шаруашылықта сонымен бірге қазірде жоңышқаның бірінші орымы басталып, мал азығын дайындау қарқын алған.Шаруашылықтың жұмысымен танысып шыққан өңір басшысы облыста күріш кластерін қалыптастыру барысында ауқымды жұмыстың атқарылып жатқанын айта келіп, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына елеулі қолдау жасалып жатқанын мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!