"Қазақмыс" жұмысшылары наразылық білдірді

Фотография - "Қазақмыс" жұмысшылары наразылық білдірді

Жезқазғанда "Қазақмыстың" еншілес кәсіпорны "Қазақмыс Смелтингтің" жұмысшылары наразылық білдірді.

219 0


Жезқазғанда "Қазақмыстың" еншілес кәсіпорны "Қазақмыс Смелтингтің" жұмысшылары наразылық білдірді.

Оның айтуынша, Жезқазған мыс қорыту зауытының алдына 200-ге тарта жұмысшы жиналған. Жұмысшылар "Қазақмыс" аталған зауытты жабуы мүмкін деп, наразылық білдірген. Жұмысшылармен кездесуге Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Ахметов пен "Қазақмыс Смелтинг" кәсіпорнының бас директоры Ғакім Ахметов барған.

"Қазақмыс" корпорациясы жіберген жазбаша жауабында жұмысшылармен кездесуге зауыт басшылығы барғанын растады.

Басшылық компания күзден бастап жөндеу жұмыстарына байланысты зауыт жұмысын уақытша тоқтататынын айтады. "Ал жұмысшылар жөндеуге жабылған қайтадан ашылмай қалады деп қауіптенеді" делінген компания таратқан хабарламада. Кәсіпорын басшылығы жұмысшыларға зауытты жөндеу жұмыстарының жай-жапсары туралы түсіндірген.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!