Үкімет басшысы Испания Корольдігінің көлік министрін қабылдайды

Фотография - Үкімет басшысы Испания Корольдігінің көлік министрін қабылдайды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Испания Корольдігінің көлік, инфрақұрылым және коммуникацияны дамыту министрі Анна Пастор ханымды қабылдайды

121 0

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Испания Корольдігінің көлік, инфрақұрылым және коммуникацияны дамыту министрі Анна Пастор ханымды қабылдайды.

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, испандық министрмен еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев те кездесіп, Қазақстан мен Испания арасындағы көлік, коммуникация және инфрақұрылым саласындағы технологияларды бірлесе іске асыру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылаған.

«Жалпы, Қазақстан мен Испания арасында екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатыр. Еліміздің Сыртқы істер министрі Испанияда ресми сапармен болып қайтқан еді. Соңғы апталарда Испанияның Қорғаныс министрі елімізге келген болатын. Осы іс-шаралардың түйіні ағымдағы күзде Испания Корольдігі Премьер-министрінің елімізге ресми сапары болмақ», - деді А. Әбибуллаев.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!