Қазақстанда транзиттік теміржол дәліздері 2 есеге артады

Фотография - Қазақстанда транзиттік теміржол дәліздері 2 есеге артады

Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының жобасы талқыланған отырыста «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары Аманжол Шықанаев мәлім етті.

264 0

Қазақстанда транзиттік теміржол дәліздерін 2 есеге арттыру жоспарланған. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының жобасы талқыланған отырыста «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары Аманжол Шықанаев мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасы бойынша келешекте транзиттік теміржол дәліздерінің санын алтыдан он екіге дейін, ал автокөлік жолдарын алтыдан онға дейін арттыру ұсынылып отыр. Бір уақытта трансқұрылықтық көлік дәліздері республиканың батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын жылдам трассаларға айналады», - деді Аманжол Шықанаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!