Бас бостандығы шектелгендерге «электронды білезіктер» кигізу жоспарланады

Фотография - Бас бостандығы шектелгендерге «электронды білезіктер» кигізу жоспарланады

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

175 0

Елімізде бас бостандығы шектелгендерге «электронды білезіктер» кигізу жоспарланады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Бас бостандығы шектеулі түрде жазасын өтеуші тұлғаларды, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі инспекциясының тіркеуінде тұрғандарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын «электронды білезіктер» деп аталатын ізге түсудің электронды құралын енгізу жоспарланып отыр. Бұл аталған санаттағы тұлғаларға бақылауды күшейтуге, уақытылы олардың тұрған жерін анықтауға, жазасын өтеудің бекітілген тәртібінен жалтаруды тоқтатуға, сондай-ақ ескертуге мүмкіндік береді», - дейді Қ. Қасымов.

Бұдан бөлек, министр қылмыстық-атқару жүйесінде атқарылатын шараларға да тоқталып өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінің басым бөлігі пайдалану мерзімін 40 жылдан 80 жылға дейін өткерген, апатты жағдайда. «Соңғы он жылда елімізде бірде-бір түзету мекемесі салынбаған», - деді Қ. Қасымов.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!