Бүгін Астанада Қазақ-Герман іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

Фотография - Бүгін Астанада Қазақ-Герман іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

Бұл туралы еліміздің Германиядағы Елшілігі хабарлап отыр.

256 0

Бүгін Астанада қазақ-герман жұмыс тобының кезекті отырысы өз жұмысын бастайды. Бұл туралы еліміздің Германиядағы Елшілігі хабарлап отыр. 

4 күнге жалғасатын басқосу кезінде Қазақстан мен Германияның сауда және экономикалық қарым-қатынасы сөз болып, екі ел арасындағы менеджерлер мен басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасының іске асыру мәселесі қаралады және екі ел арасындағы стратегиалық ынтымақтастығы жөніндегі Қазақ-Герман іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысы болады.

Шараға шетелдік қонақтардан ГФР Федералдық экономика және технологиялар министрінің орынбасары, ҮЖТ-ның тең-төрағасы Карл-Эрнст Браунер және «Дойче Банктың» Атқарушы директоры, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Петер Тильс қатысады деп күтілуде.

Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету төңірегінде, неміс делегаттарының кейбір қазақстандық министрліктер және мекеме басшылығымен кездесулері мен келіссөздері жоспарланған. Екі елдің іскерлік топтары өкілдері арасында ынтымақтастықтың өзекті және басымды міндеттемелері бойынша кең ауқымды пікір алмасу күтілуде.

Келіссөз кезінде неміс кәсіпкерлерінің Қазақстандағы индустриялдық жобаларға белсенді қатысуы мен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тәжірибелері, оның ішінде шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік сөз болып, елімізге мамандар әзірлеудің германдық жүйесін енгізу жағы да қаралатын болады. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 дайындық жұмыстарына неміс тарапының қатысу мүмкіндіктерін қарастыру сияқты маңызды мәселелер талқыланады.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!