Қазақстанда Бірыңғай астық холдингі құрылады

Фотография - Қазақстанда Бірыңғай астық холдингі құрылады

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Бірыңғай астық холдингі шеңберінде бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды

155 0

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Бірыңғай астық холдингі шеңберінде бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Шарт «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жасалды. Бірлескен қызмет туралы шарт Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында айтылған Бірыңғай астық холдингін құру жөніндегі тапсырмаларды орындау шеңберінде жасалды», - делінген ақпаратта.

"Жасалған Шарт Бірыңғай астық холдингіне кіруге және оның жұмысына қатысуға астық өндірушілерді тарту үшін құқықтық негіз болып табылады. Шарттың қатысушыларының мүдделерін білдіру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясында Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Қоғамдық кеңес Азық-түлік келісім шарт корпорациясы органдарының шешімдерін толықтырып дайындау және қабылдау кезінде Шарт қатысушыларының мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етеді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Шартқа қол қою рәсіміне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» ұлттық холдингі, сондай-ақ «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!