Серік Ахметов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

Фотография - Серік Ахметов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

190 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтынан хабарланды.

Кеңесті ашқан С.Ахметов Мемлекет басшысының ЩБКА-ны одан әрі дамыту туралы бірқатар тапсырмалар бергеніне тоқталып, бұл үшін мемлекет барлық жағдайларды жасауда, 18 млрд. теңге қарастырылған 2012-2013 жылдарға арналған тиісті Іс-шаралар жоспары қабылданғанын атап көрсетті.

Бұл Жоспардың орындалу барысы туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау баяндады, су көздерін тазалау мен қалпына келтіру, ҚТҚ полигонын пайдалану мен Щучинскідегі қоқысты қайта өңдеу зауытының жұмысы бойынша қабылданған шаралар туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров айтып берді.

Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин сумен жабдықтау және канализациялық тазалау нысандары құрылыстарының барысы туралы хабарлады. Сондай-ақ облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов баяндама жасады.

Кеңесті қортындылай келе, С.Ахметов тұтастай алғанда, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының орындалып жатқанын, дей тұрғанымен, Жоспардың барлық пункттерін мерзімінде әрі сапалы орындау қажеттігін атап көрсетті.

Үкімет басшысы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне облыс әкімдігімен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп Бурабай курорттық аймағын дамытудың Жүйелік жоспарында көрсетілген, ұсыныстарды есепке ала отырып курорттық аймақты одан әрі дамыту бойынша бірыңғай іс-қимылдар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне «экологиялық проблемаларды шешуге, сонымен қатар су көздерін тазалау мен қалпына келтіру бойынша іс-шараларға айрықша назар аудару қажеттігін» тапсырды.

С.Ахметов Көлік және коммуникациялар министрлігіне «Астана-Щучинск» автобанның тиісті инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды, «Астана-Қорғалжын» автожолын жаңғыртуды, Көкшетауға жазғы маусымда Ақтау, Атырау және Қызылордадан әуе рейстерін ашуға өкім етті. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен бірлесіп облыстағы жобаларды қосымша қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізіп, қарауды тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!