Сенат комитеті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң жобасын талқылады

Фотография - Сенат комитеті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң жобасын талқылады

Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

297 0

Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасы талқыланды.

Аталған құжат Мемлекет басшысының былтырғы жылғы Жолдауында жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған. Онда Елбасы халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, кәсіпкерлерді палаталарға топтастыруды тапсырып, оның экономика тиімділігінің маңызды факторы болатынын, осылай істелген жерде «мықты бизнес -мықты мемлекет» қағидасы жүзеге асатынын атап өткен болатын. Бұл ретте құжаттың мақсаты Қазақстанда кәсіпкерлік сектордың өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру болып табылады. Заң жобасы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін шоғырландыру, мемлекеттік экономикалық саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарымен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру арқылы бизнес мүддесінің ескерілуі қамтамасыз етілмек.

Жалпы алғанда, заң жобасына сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының континенталдық (еуропалық) үлгісі қалыптасады. Бұл кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігіне негізделмек. Ал мұндай континентальдық үлгі Франция мен Германияда дүниеге келген. Қазір көптеген еуропалық елдерде осы үлгі табысты іске асып келеді.

Бұдан бөлек, ұлттық палата мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаумен, отандық өндірісті қолдаумен, ұйымдардың сатып алуларында жергілікті қамтуды арттырумен де айналысатын болады. Бизнесті дамыту және қолдаумен, кәсіпкерлердің мүддесіне өкілдік етумен, мамандарды даярлау, олардың біліктілігін арттырумен, техникалық және кәсіби білім беруде дамытумен де айналыса алады.

Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!