Сәрсенбіде Қазақстанда қатты жел тұрады деп күтілуде

Фотография - Сәрсенбіде Қазақстанда қатты жел тұрады деп күтілуде

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындар ықпалымен ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, ұйытқыған жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін

137 0

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындар ықпалымен ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, ұйытқыған жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с-қа жел соғады деп күтілуде, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында - шаң көтеріліп, дауыл тұрады.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының жекелеген таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Қазақстанның басқа сулы нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!