РФ және Қазақстанның қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты талқылады

Фотография - РФ және Қазақстанның қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты талқылады

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу сәрсенбіде Бішкекте қазақстандық әріптесі  Әділбек  Жақсыбековпен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылады

122 0

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу сәрсенбіде Бішкекте қазақстандық әріптесі  Әділбек  Жақсыбековпен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылады.


Шойгудың айтуынша, Ресей және Қазақстан әскери ынтымақтастық саласында тығыз қарым-қатынаста,  әскери мамандарды даярлау, бірлескен жаттығулар өткізу соның айғағы.  Сондай-ақ, елдер арасында әскери-техникалық ынтымақтастықтың кең таралған бағдарламасы іске асырылуда.


"Бізде әлі де талқыланатын мәселелер бар. Талқыланған мәселелер және қабылғанған шешімдер іске асыру кезеңінде  тұр", - деп келтіреді  РИА Новости Шойгудың сөздерін.


"Бұл кездесу біздің ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарына қосымша қарқын береді деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін ресейлік әскери ведомствоның басшысы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!