Мәжіліс Ішкі істер органдары туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Фотография - Мәжіліс Ішкі істер органдары туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары жаңа редакциядағы «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

305 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары жаңа редакциядағы «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңа редакциядағы заң жобасы 9 бөлімнен тұрады. Оның мазмұнына келер болсақ, құжаттың басты бағыттарының бірі қоғамдық бақылауды азаматтардың құқы мен бостандығын қорғаумен айналысатын ішкі істер органдарының қызметіне беру болып табылады. «Бұл - заң жобасының басты новелласы, оған орай Ішкі істер министрлігінің жанынан да, өңірлік ішкі істер департаменттерінің жанынан да қоғамдық кеңестер құрылатын болады. Заң жобасының және бір парасы ішкі істер органдарының жұмысындағы арнаулы қағидаттарды қамтамасыз етеді. Бұлар - адамның және азаматтың құқығын сақтау және сыйлау, ашықтық, жариялылық, азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және ішкі істер органдарының бірегей жүйесінде өзара іс-қимылда болу», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Оның айтуына қарағанда, заң жобасымен ішкі істер органдары қызметкерлеріне азаматтарды куәлік етуге мәжбүрлеуге, күш қолдануға және құқыққа қайшы әрекеттерге тікелей тыйым салатын норма қамтылып отыр.

Сонымен қатар, заң жобасымен қоғамның кеңінен талқысына ұшыраған полицейлердің атыс қаруын қолдануға қатысты мәселесі де қарастырылып отыр. Осыған байланысты министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамада полицейлер тарапының қару қолдану тәртіптері айқындалған, алайда онда негізгі мәселе тек полиция қызметкерлерінің құқықтары жайында болып отыр. «Ал жаңа редакцияда қару қолдану мүмкіндігі туралы ескертудің міндеттемелері жазылған. Соған орай, заң жобасының нормалары қару қолдануға боларлық негіздерді кеңейтпейді, керісінше, қызметкерлердің оны қолданбас бұрын ескертуін міндеттейді», - дейді Қ. Қасымов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!