Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары орнын босатты

Фотография - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары орнын босатты

Бұл туралы облыс әкімі Алик Айдарбаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында журналистерге берген сұхбатында айтты.

275 0

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Біржан Қанешев орнын босатты. Бұл туралы облыс әкімі Алик Айдарбаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Иә, Біржан Қанешев орнынан кету туралы өтініш жазғаны рас. Өздеріңіз білесіздер, әкімнің орныбасарын жұмыстан босату үшін тек облыс әкімінің ғана емес, сонымен бірге Президент Әкімшілігінің де келісімі қажет. Сондықтан бұл мәселе Президент Әкімшілігінде қаралып жатыр. Ал оның алдағы уақытта қандай қызметке тағайындалатыны маған беймәлім», - дейді Айдарбаев.

Бұдан бұрын кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Алик Қанешевтің ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалатыны туралы хабар таратқан болатын.

47 жасар Қанешев 2012 жылдың наурызынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды. Оған дейін «Самұрық-Қазына» қорының атқарушы директоры, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің басшысы және Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!