Елімізде травматикалық қаруды атыс қаруымен теңестіру ұсынылуда

Фотография - Елімізде травматикалық қаруды атыс қаруымен теңестіру ұсынылуда

үгін Мәжілістің пленарлық отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

236 0

Елімізде азаматтардан травматикалық қаруды жинап алғаннан кейін оны сақтауға жазаны заңнамалық деңгейде күшейту керек. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

«19 рет қана жарақат салатын қару өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылған. Есесіне мыңдаған рет ол қарақшылық, тонау, азаматтарға қауіп төндіру үшін қолданылған», - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы .

«Біз қолданған шарамен шектеліп қалмау керек. Логикалық тұрғыдан травматикалық қаруды заңсыз сақтағаны үшін жазаны қатайту  жолында тоқталып қалмауымыз керек деп санаймын», - деп ұсыныс көтерді Н.Нығматулин.

«Егер мемлекет 2 млрд 100 млн (теңге) қаруды сатып алуға қаржы бөледі десек, қандай да бір айдың біріне дейін деп уақыт белгілесек, онда сол айдың екісінен бастап қаруды пайдалануға тыйым салатын заңнама жұмыс істеуі керек. Оны атыс қаруымен теңестіргенде ешкім бұл қаруды заңсыз саудалаумен айналысқысы келмей қалады», - деді Мәжіліс төрағасы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!