Жылына 300 мың тоннадай мұнай ұрланады

Фотография - Жылына 300 мың тоннадай мұнай ұрланады

Бүгін Қаржы полициясы агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

187 0

Бүгін Қаржы полициясы агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Ведомстваның аумақтық департаменттерімен байланысын орнату үшін бейнеконференция желісі пайдаланылды. Кеңесті ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сыбайлас жемқорлық жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов жүргізіп отырды.

Алғаш болып сөз алған ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу департаментінің бастығы Жанат Еліманов мұнай және мұнай өнімдеріне қатысты жемқорлық фактілер туралы баяндама жасады. Ел бюджетінің негізгі бөлігін өндіруші кәсіпорындар, оның ішінде мұнай өнімдерін сатудан түскен табыс көзі құрайтынын ескерсек, халықаралық ұры-қарының бұл төңіректі неге көп торуылдайтыны түсінікті. Баяндамашының айтуынша, Қазақ мұнайын Ресей шекарасынан заңсыз алып өту қылмысы әбден ушығып кеткен. Кедендік Одақ арқылы алаяқтар шикі мұнайды өнім ретінде рәсімдетіп, мемлекеттің қалтасын салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде түсуі тиіс миллиардтаған қаржыдан қағып отыр. 2011 жылы мұнайды заңсыз алып өтпек болған 30 қылмыстық фактісі тіркелсе, 2012 жылы ол екі есеге өсіп, 60 іске жеткен. Сөйтіп мемлекетке 12 млрд.тг шығын келтірді. Былтыр осындай заңсыз тасымалданып бара жатқан 30 мың тонна мұнай тәркіленген. Бұл көлеңкелі мұнайдың оннан бірі ғана. Ж.Еліманов кеденнен бір жылда заңсыз тасымалданатын мұнайдың көлемі 300 мың тоннаға жетуі мүмкін екенін айтып, жағамызды ұстатты.

«Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы елдің көлеңкелі экономикасы ауқымына әсер етеді және ұйымдасқан қылмыстық топтардың, оның ішінде радикалды діни ағымдардың қызметтерін қаржыландыру көзі болып табылады», - деді ол.


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!